Ел жаңалықтары

Қазақстанның оңтүстігінен қоныс аударғандардың баспанаға қатысты шағымынан кейін екі әкім орнынан босатылды

  • Қазақстанның оңтүстігінен қоныс аударғандардың баспанаға қатысты шағымынан кейін екі әкім орнынан босатылды

    Қазақстанның оңтүстігінен қоныс аударғандардың баспанаға қатысты шағымынан кейін екі әкім орнынан босатылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Қазақстаннан қоныс аударушылардың республикалық БАҚ-қа жолдаған шағымдарына жауап беріп, еліміздің солтүстік өңірлеріне қоныс аудару бағдарламасы бойынша оларға арнап салынған тұрғын үй сапасының төмендігі туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

 
"Мемлекет басшысы биылғы 24 мамырда "Казахстанская правда" газетінде жарияланған "Заложники равнодушия" атты мақалада көтерілген мәселе бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берген еді. Мақалада Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстік өңірлерден көшіп келушілерге арнап салынған тұрғын үй сапасының нашарлығы туралы сөз болған.

Жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша мақалада келтірілген деректер расталды", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ, аталған бағыттағы ұйымдастыру жұмыстарында олқылықтарға жол бергені үшін Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау және Есіл аудандарының әкімдері қызметтерінен босатылғаны хабарланды.


Мемлекеттің "7-20-25" және "Баспана Хит" бағдарламаларын қаржыландыруды тоқтатуы: "Қазақстанның орнықтылық қоры" түсініктеме жасады 


Облыс әкімінің орынбасары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру жөніндегі облыстық басқарманың басшысы, сондай-ақ, бес ауданның әкімдері тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның оңтүстігінен Солтүстікке көшкен қоныс аударғандар журналистерге өздеріне ұсынылған баспананың сапасына шағымданған. Айтуларынша, үй маңында қоқыс тастайтын контейнер де болмаған. Су, дәретхана болмаған.

Осы ақпараттан соң Еңбек министрлігінің арнайы комиссия өкілдері оқиға болған жерге барып проблемаларды анықтаған.




Көрілген: 367    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.06.2021, 17:02

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31