Қазақстанның солтүстігінде күн жылынады

08 маусым 2022, 22:59

Қазақстандық синоптиктер алдағы үш күнге 9-11 маусым аралығында ауа райы болжамын жасады, соған сәйкес еліміздің солтүстігінде күн жылынады деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Stan.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс циклонының келуімен республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, сондай-ақ бұршақ жаууы мүмкін.

Сонымен қатар, 11 маусымға таяу республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауады.

Еліміздің батыс және оңтүстік өңірлерінде синоптиктер шаңды дауыл болады деп отыр.

Мамандардың айтуынша, Қазақстанда ауа температурасының күндіз 20-28 градусқа дейін біртіндеп көтерілуі байқалатын солтүстік облыстарды қоспағанда, Қазақстанда температуралық фон айтарлықтай өзгермейді.