Ел жаңалықтары

Қазақстанның тағы бір қаласында карантин күшейеді

  • Қазақстанның тағы бір қаласында карантин күшейеді

    Қазақстанның тағы бір қаласында карантин күшейеді

Оралда жаңа шектеу шаралары енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаев мәлім етті.

Брифинг барысында ол аймақта коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болғандар жиі тіркелетінін атап өтті.

"Карантиндік шектеу шаралары туралы қаулыға өзгерістер енгізілді. Отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізіміне енбеген салалардың барлық ұйымдары мен кәсіпорындары карантин уақытында әдеттегі жұмыс режимін тоқтата тұруы тиіс, олар қашықтан, онлайн режимде жұмыс істей алады. Қоғамдық көлік үшін барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, сағат 6-дан 12-ге дейін және сағат 17-ден 21-ге дейін жұмыс режимі орнатылды. Базарларға дүйсенбіден бейсенбіге дейін 9-дан 13-ке дейін, жұма-жексенбі күндері 10-нан 16-ға дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді. Мейрамханалар мен барларға кальян қолдануға тыйым салынады", - деді Мұхамғали Арыспаев.

БҚО мемлекеттік бас санитар дәрігері тұрғындарды адам көп жиналатын орындарға барудан бас тартып, әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырды. Шектеу 6 маусымнан бастап карантин аяқталғанға дейін қолданылады. Ол БҚО-да 15 маусымға дейін жарияланды.

Айта кетейік, 4 маусымда Оралда карантин шараларын сақтамағандықтан мәдениет және демалыс саябағы, бір кафе, екі сауда үйі жабылды және үш қалалық автобус маршруттарының қозғалысы тоқтатылды.




Көрілген: 642    Пікірлер: 0

сенбі, 06.06.2020, 00:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31