Ел жаңалықтары

Қазақстанның төрт өңірінен коронавирустың жаңа штаммы табылды

  • Қазақстанның төрт өңірінен коронавирустың жаңа штаммы табылды

    Қазақстанның төрт өңірінен коронавирустың жаңа штаммы табылды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан аумағынан нигериялық "Eta" штамы анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министр өзінің Facebook парақшасында денсаулық сақтау министрлігі ағымдағы жылдың шілде-тамыз айларында КВИ науқастарынан алынған оң зертханалық үлгілерді секвенирлеу әдісімен коронавирустық инфекцияға генетикалық зерттеу жүргізгенін айтты. 

 
"Секвенирлеу қорытындысы бойынша Қазақстанда 96 үлгіде штаммдар айналымы белгілі болды. Delta "үнді штамы" - 57 (59,4%), Alpha "британдық" - 24 (25%), "Ухань" коронавирусы - 10 (10,4%) және eta "Нигерия" - 5 (5,2%). Eta "Нигерия" штамы 4 өңірде табылды. Олар Қарағанды - 1, Маңғыстау - 2, Павлодар - 1, Нұр-Сұлтан – 1", - деп жазды ол. 

"Eta" штаммның пайда болуы 2020 жылдың желтоқсанында белгілі болды. Аурудың алғашқы жағдайлары Нигерия мен Ұлыбританияда анықталды. 


Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы: СOVID-19 жұқтырғандармен байланыста болғандарды оқшаулау мерзімі өзгерді
Бүкіл әлем бойынша балалар белгісіз вирус түрімен ауыра бастады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2021 жылғы 15 қыркүйектегі ақпараты бойынша "Eta" штамы әлемнің 77 елінде табылған. ДДҰ санаты бойынша "бақылауды" талап ететін штаммдардың қатарына жатады.

Жаңа штаммтың клиникалық белгілері Alpha және Beta штаммдарыдағыдай: дене қызуы, жөтел, иіс пен дәм жоғалту, аурудың ауыр өтуі және т.б.

"Осыған байланысты денсаулық сақтау министрлігі әрбір қазақстандықты өз денсаулығына, жақындары мен туыстарының денсаулығына қамқорлықпен қарауға шақырады. Инфекциядан қорғанудың және ауруханаға жатпаудың жалғыз тиімді әдісі – COVID-19-ға қарсы вакцинация. Сондай-ақ, вирустың таралу қаупін азайту үшін маска киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтап, қол гигиенасы, үй-жайларды желдетіп вирустың барлық алдын-алу шараларын сақтау қажет”, – дейді министр. 




Көрілген: 446    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.09.2021, 11:35

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:44
    QAZFORUM-2021 БАСТАЛАДЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31