Ел жаңалықтары

«Қазақтарды жақсы көремін»: Алла Пугачева Cкриптониттің өнеріне тәнті болды (видео)

  • «Қазақтарды жақсы көремін»: Алла Пугачева Cкриптониттің өнеріне тәнті болды (видео)

    «Қазақтарды жақсы көремін»: Алла Пугачева Cкриптониттің өнеріне тәнті болды (видео)

Ресейдің әйгілі әртісі Алла Пугачева қазақстандық рэп орындаушы Скриптониттің шығармашылығына бағасын беріп, оған қатысты өз ойын айтты. Эстрада жұлдызы оның әндерінен адалдық сезілетінін алға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алла Пугачева өзінің жолдасы жүргізетін “Музикалити” бағдарламасында қонақ болып, оның барысында ұсынылған түрлі әншілердің өнеріне деген көзқарасымен бөлісті. Эфир кезінде “Скриптонит” лақап атымен ТМД елдеріне аса танымал отандасымыз Әділ Жалеловтың “Чистый” деген әні қойылды.

Пугачева рэп орындаушының шығармашылығымен жақсы таныс болып шықты. Ол тіпті, Скриптонитті өзінің сүйікті ақыны екенін айтты. “Өз ойын дұрыс жеткізетіні таңғалдырады. Мұндайды адалдық пен тазалыққа жақын, өтірікті жек көретін адамдар ғана жаза алады. Неге ақын деп атап отырмын? Оның нағыз болмысы сол. Оған бәрі ұнамайды, алайда бастысы  уайым-қайғыға салынбаса болды.

Бастапқыда мен оның шығармашлығын аса түсінбедім. Кейін тыңдай келе оның өзі туралы, сезімі, пайымы туралы ән салатынын ұқтым. Кімді көріп тұрғанын, кімді жек көретінін, кімді жақсы көретінін айтады. Бойында тұлға бар. Оның дәл бүгінгі күн туралы айтатыны ұнайды, ол көргенін айтады. Ол – ақын, нағыз ақын” , – деді Пугачева.

Пугачева Скриптониттің өнерін ең жоғарғы 10 баллаға бағалады. “Он балл қоямын. Әндерінен адалдық сезіледі. Оның үстіне ең бастысы ол – қазақ. Ал мен қазақтарды қатты жақсы көремін” , – деді ол. Қызығы, эфир соңында Пугачеваны туған күнімен құттықтау үшін Скриптониттің өзі кіріп келді. Әділ Жалелов Ресейдің эстрада жұлдызына гүл шоқтарын тарту етті.




Көрілген: 806    Пікірлер: 0

жұма, 16.04.2021, 14:38

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31