Ел жаңалықтары

Қазан қаласындағы атыс: 11 адам қаза тапты

  • Қазан қаласындағы атыс: 11 адам қаза тапты

    Қазан қаласындағы атыс: 11 адам қаза тапты

Бүгін Татарстан астанасы Қазан қаласындағы №175 мектепке қару асынған екі адам кіріп, оқушылар мен мұғалімдерге оқ жаудырған. Соңғы мәліметтер бойынша, атыс салдарынан 11 адам қаза тауып, зардап шеккен 16 адам ауруханаға жеткізілген.

 
17 жастағы қылмыскерлердің біреуі терезеден секіріп кеткен, ал оның серіктесін күш құрылымдары мектептің екінші қабатында бұғаттаған.  

Қазіргі таңда мектеп айналасын Росгвардия жауынгерлері қоршап тұр. Оқиға орнына ондаған жедел жәрдем көлігі келген. Мектеп оқушыларының жартысы далада, іште қалған адамдар болуы әбден мүмкін. Оқиға орнына Татарстан президенті Рустам Минниханов пен бас прокурор Илдус Нафиков аттанды.  

РИА агенттігінің хабарлауынша, қаза тапқандардың арасында бастауыш сынып мұғалімі бар.

«Оқ атылғанын бүкіл мектеп ішіндегілерге естілген. Бірнеше рет оқ атқан. Бастауыш сынып мұғалімін оқушылардың көзінше атқан деген ақпарат бар», - деп жазады агенттік РИА тілшілері.
Татарстан президенті Рустам Минниханов қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына көмек көрсетілетінін жеткізді.




Көрілген: 870    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.05.2021, 14:35

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30