Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

«Қазан, қараша айлары өте қиын болады» - Жандарбек Бекшин

27 тамыз 2020, 18:01

12 848 науқас айықты, 252 адам қайтыс болды.
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирусқа байланысты жағдай күзде күрделене түсуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Біз өзекті мәселені талқыға салғалы отырмыз. Себебі, қауіпті коронавирус инфекциясына тұмау қосылады. Сондықтан қазан, қараша айлары өте қиын болады. Алматы қаласында соңғы аптада 940 ЖРВИ-дің дерегі тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 26 пайызға жоғары", - дейді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Алматыда 14 144 адам COVID-19 жұқтырды. 12 848 науқас айықты, 252 адам қайтыс болды.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 105 243-ке жетті. 94 713 науқас жазылды, 1 523 адам аурудан көз жұмды.