Ел жаңалықтары

"Қазасы қабырғама батты": президент желіде жазба жариялады

  • "Қазасы қабырғама батты": президент желіде жазба жариялады

Президент денсаулық сақтау министрлігі мен медициналық мекемелердің басты міндетіне тоқталып өтті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты палуан, қоғам қайраткері Жақсылық Үшкемпіровтің қазасы туралы хабарды күйзеліспен қабылдағанын айтты.

Мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш қазақ Жақсылық Үшкемпіровтің дүниеден өтуіне байланысты жазба жариялады.

"Даңқты палуан, қоғам қайраткері Жмақсылық Үшкемпіровтің қазасы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Осы дерттен қайтыс болған азаматтардың қазасы қабырғама батты. Коронавирус пен өкпе қабынуы салдарынан қайтыс болғандардың саны әлі де жоғары", - дейді Тоқаев. 

Мемлекет басшысы әлем бойынша пандемияның өршіп тұрғанын және оның Қазақстанды да айналып өтпегенін жеткізді. 

"Індет жүздеген еңбеккер мен зейнеткерді, қарттар мен жастарды, атақты азаматтарымыз бен қарапайым адамдарды арамыздан алып кетіп жатыр", - деп атап көрсетті Тоқаев. 

Осы орайда президент денсаулық сақтау министрлігі мен медициналық мекемелердің басты міндетін атап өтті. Ол  – өлім-жітім деңгейін ең төменгі шекке дейін түсіру. Ал үкімет карантин режимін сақтау шараларын күшейтуге міндетті. Онсыз пандемияға қарсы күресте жеңіске жету мүмкін емес.

Еске сала кетсек, Олимпиада ойындарының чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің қазасы туралы кеше, 2 тамызда хабарланды. Танымал спортшы 70 жасқа қараған шағында дүниеден озды.




Көрілген: 226    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.08.2020, 10:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30