Ел жаңалықтары

«Қазавиақұтқару» тікұшағымен аңға шыққаны үшін ресейлік миллиардер 5,3 млн теңге ақша төлеген

  • «Қазавиақұтқару» тікұшағымен аңға шыққаны үшін ресейлік миллиардер 5,3 млн теңге ақша төлеген

    «Қазавиақұтқару» тікұшағымен аңға шыққаны үшін ресейлік миллиардер 5,3 млн теңге ақша төлеген

Ресейлік миллиардер «Қазавиақұтқару» қызметінің тікұшағын жалға алмаған. Сөйте тұра, Игорь Рыбаков бастаған бір топ бай-бағлан ТЖМ тікұшағымен аң ататын аумаққа дейін кемі 40 минут ұшқан. Тікұшақтың салонында ресейлік миллиардерден басқа Айдын Рахымбаев, Арманжан Байтасов, Берік Қаниев сынды қазақстандық бизнесмендер болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаражатының көптігімен танымал болған ауқаттылар мемлекеттің меншігіндегі әуе кемесімен саятшылық құрып жүргенде, елде оқыс оқиғалар да болып жатқан. Алайда, ТЖМ оқыс оқиғаларды жоюға қатысты ұсыныс дәл сол күні түспегендіктен, басшылық байлардың тапсырысын орындап, қомақты қаражат тапқан.

ТЖМ Мемлекеттік орган ретінде тікұшақтарды жалға бере алмайды. Соған қарамастан, қаражат табу мақсатында мемлекеттің меншігіндегі тікұшақтарды пайдалана алады екен. «Қазавиақұтқару» қызметі бір біріне кереғар келетін занамалардың болғанына қарамастан, тікұшақтарды коммерциялық мақсатта да пайдаланып келеді. «Қазавиақұтқару» қызметіне миллиардерлерді аңшылыққа апару туралы тапсырысты «Astana Business Aviation» ЖШС берген.

«Тікұшақ қызметтерін көрсету жөніндегі өкілеттікті іске асыру үшін «Қазавиақұтқару» АҚ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген қаржыландыру көздерін тартуға және пайдалануға құқылы екендігі атап өтілді. Бұл жағдайда «Astana Business Aviation» ЖШС өтінімі бойынша «Қазавиақұтқару» АҚ арасында шартқа сәйкес жолаушыларды бір нүктеден екінші нүктеге жеткізу қажет болды. Бір нүктеден екінші нүктеге тасымалдауға жұмсалған уақыт 40 минутты құраған. Тікұшақтар түріне қарай ұшу сағатының тарифтері бойынша авиациялық қызметтер көрсету үшін ғана тартылуы мүмкін. ТЖМ Мемлекеттік орган ретінде тікұшақтарды жалға бермейді», - деді «Қазавиақұтқару» АҚ баспасөз қызметі.
«Қазавиақұтқару» АҚ балансында барлығы 33 тікұшақ бар. Әуе кемелері жалға берілмеу керек деп көрсетілсе де, 7 қазан күні аңшыларды тасығаны үшін «Қазавиақұтқару» қызметі 5 млн теңгеден астам қаржы тапқан. Коммерциялық ұшулар «Қазавиақұтқару» АҚ шарт талаптарына сәйкес ұйымдардың өтінімі бойынша жүзеге асырылады. Тапсырыс берушімен жасалған шарттарда елде ТЖ туындаған жағдайда, оның салдарын жоюға қатысу аяқталғанға дейін тапсырысты орындаудан бас тарта алатыны ескертіледі. Дәл 7 қазан күні оқыс оқиғаларға тікұшақтарды тарту туарлы өтініш түспеген.

«Әуе кемесі жалға берілмеген. «Astana Business Aviation» ЖШС берген өтінім бойынша ұшу жүзеге асырылды. Көрсетілген рейс үшін «Astana Business Aviation» ЖШС «Қазавиақұтқару» АҚ 5 374 218,37 теңге сомасында төлем жасады. Бұл жағдайда «Astana Business Aviation» ЖШС өтінімі бойынша «Қазавиақұтқару» АҚ арасында Шартқа сәйкес жолаушыларды бір нүктеден екінші нүктеге жеткізу қажет болды. Жоғарыда көрсетілген сома келісімшартқа сәйкес авиациялық қызметтерді толық жүзеге асыру үшін төленді», - хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.




Көрілген: 1585    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.10.2021, 23:44

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Желтоқсан, 11:26
    ТАРИХ ЖАСАҒАН ТҰЛҒА

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31