Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Түркістан облыстық филиалының директоры қызметінен босатылды

27 шілде 2022, 23:35

 «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Түркістан облыстық филиалының директоры қызметінен босатылды. Оған жол сапасына қатысты тұрғындардың шағымы себеп болған. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
 «Ел тұрғындарынан болған сынға байланысты «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Түркістан облыстық филиалының директорын қызметінен босату туралы шешім қабылданды. Қоғам төрағасының орынбасарына қатаң сөгіс жарияланды. Сонымен қатар жолдарды күтіп ұстау сапасын тиісінше бақыламағаны үшін «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының өңірлік филиал басшысына қатысты тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданды», - делінген ұсынылған хабарламада.
Ресми мәліметке сенсек, қазіргі уақытта бетон плиталарының көтерілуін тоқтату бойынша шаралар қабылданды. Сондай-ақ микросюрфейсинг төсеу жұмыстарын уақытша тоқтату шешімі қабылданды. Бұдан бөлек, цемент-бетон плиталарының арасын кеңейтетін температуралық тігістер күнделікті тексерілетін болды.

 «Айта кету керек, аталған мәселе ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің ерекше бақылауында. Плиталардың өзгерген орындарында талдау жүргізілді. Соның негізінде тиісті бұйрықтар берілді. Бұл іс-шаралардың басты мақсаты – мұндай фактілердің қайталануына жол бермеу», - деп мәлім етті ведомстводан.