Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

«Қазгидромет» мамандарының жалақысы өседі - Экология министрі

16 наурыз 2023, 18:47

Биыл «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің еңбекақысы артады. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова өзінің Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 
"Қазгидромет" қызметкерлерінің жалақысын көтеру үшін қаражат бөлуге қол жеткіздік. Биыл олардың жалақысы 26-дан 111%-ға дейін өседі. Бүгін Сенат «Республикалық бюджетті түзету туралы» Заңды қабылдады. Онда «Қазгидромет» қызметкерлерінің жалақысын көтеруге қаражат қарастырылған. Соңғы екі ай бойы кәсіпорын бюджетін ұлғайтуды сұраған едік», - деп жазды Зүлфия Сүлейменова.
Министр ведомство тарапы орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінің де жалақысын көтеру үшін де жұмыстың жүріп жатқанын айтты.