Ел жаңалықтары

Қазнетте мектептерде балаларды вакцинациялау туралы ақпарат тарап жатыр

  • Қазнетте мектептерде балаларды вакцинациялау туралы ақпарат тарап жатыр

    Қазнетте мектептерде балаларды вакцинациялау туралы ақпарат тарап жатыр

Қазнетте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, баланың вакциналау күні мектепте болуы вакциналауға берілген келісімге тең деген ақпарат тарады. Алайда бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап. 

Кейбір адамдардың пікірінше, әлемдік қастандыққа қатысушылар осылайша COVID-19-ға қарсы "қауіпті" вакцинамен барынша көп адамды вакцинациялауға ниетті. 

 
"Шын мәнінде, хабарлама авторы сүйеніп отырған мәтінді ДДСҰ 2014 жылы жариялаған және оның COVID-19 пандемиясына немесе осы ауруға қарсы вакцинациялауға еш қатысы жоқ. Сондай-ақ, бұл құжат іс-қимыл нұсқаулығы немесе ережелер жиынтығы емес. Таратылып жатқан постта ұсынылған дәйексөзден алынған абзацтың тақырыбында: "Вакцинациялауға келісім алудың кең таралған жолдары" делінген. Одан әрі мәтінде әр түрлі елдерде қолданылатын жазбаша, ауызша және болжалды келісім алу стандарттары сипатталған", - делінген ақпаратта.

Қазақстанда баланың вакциналау күні мектепте болуы процедураға берілген келісім ретінде қарастырылмайды. 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекске сәйкес, ҚР кез келген азаматы "емделуге және басқа да медициналық араласуларды, оның ішінде профилактикалық егулерді жүргізуге хабардар етілген келісім беруге немесе олардан бас тартуға"құқылы.

Бұдан басқа, 16 жастағы және одан асқан балалардың профилактикалық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсетілуінен хабардар түрде бас тартуға құқылы.

Қорыта айтқанда, таратылып жатқан ақпарат жалған және COVID-19-ға қарсы вакциналауға да, Қазақстанға да еш қатысы жоқ.




Көрілген: 372    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.01.2021, 11:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31