"ҚазТрансОйл" басшысы міндетін кім атқаратыны белгілі болды

17 қаңтар 2022, 21:34

Сәбит Арынов "ҚазТрансОйл" АҚ бас директорының, басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жазылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

"Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ биржаға мынаны хабарлайды: "ҚазТрансОйл" АҚ бас директорының міндеттерін уақытша атқару "ҚазТрансОйл" АҚ бас директорының орынбасары, басқарма мүшесі Сәбит Әбілдайұлы Арыновқа жүктелді", - делінген хабарламада.