Қазығұрт ауданында атыс қарулары, оқ-дәрі және жарылғыш заттармен жасалатын қылмыстардың алдын алу үшін мақсатында, мамыр айының 10-ынан бастап халықтан заңсыз сақталған атыс қару, оқ-дәрі және қаруларды заттарды сатып алу акциясы өтуде.
Акция барысында Қазығұрт аудандық полиция бөліміне екі азамат ерікті түрде заңсыз сақталған атыс қаруларын тапсырды. Оның бірі«ИЖ» маркалы 16 калибрлі тегіс екі ұңғылы болса, келісісі 1963 жылы шыққан ойық бір ұңғылы «ТОЗ» маркалы мылтық.
Полиция ескертеді, заңсыз сақталған атыс қаруларын өз еркімен ішкі істер органдарына өткізген азаматтар қылмыстық, әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі