Келер жылдан бастап әлеуметтік жәрдемақылар қанша пайызға өседі?

13 желтоқсан 2021, 18:53

Ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіш мөлшері инфляцияға сәйкес жыл сайын өсіп отырады. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын және айлық есептік көрсеткіш 5%-ға индексациялау көзделген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
Нәтижесінде ең төменгі күнкөріс деңгейі 36 018 теңгені, ал айлық есептік көрсеткіш 3 063 теңге болды.

2022 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындауға 4 трлн теңге, оның ішінде зейнетақы мен барлық әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін индексациялауға 190,4 млрд теңге көзделуде.

2,3 млн-ға жуық зейнеткерге ынтымақты зейнетақы мөлшерін 7%-ға және базалық зейнетақы төлемін 5%-ға, жалпы сомасы 138,3 млрд теңгеге артады деп жоспарланған.
1,9 млн алушыға әлеуметтік жәрдемақы жалпы сомасы 52,1 млрд теңгеге, 5%-ға артады.
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жәрдемақы мөлшері ағымдағы 42,5 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін ұлғаяды.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы мен жәрдемақы алатындар саны 5,1 млн адам болды.