Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Кейбір кәсіпкерлердің 42500 теңгеге берген өтініштері неге қабылданбай жатыр: Маман жауап берді

21 шілде 2020, 13:00

Кейбір жұмыс берушілердің 42500 тенге берген өтініштері неге қабылданбай жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ақша

Бұл сұраққа «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ активтерін пайдалану департаментінің директоры Айжан Қасенова жауап берді.

 

"Деректер салық органдарында, мемлекеттік кірістер органдарында тіркелген мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынды", - деді Айжан Қасенова онлайн-брифинг барысында.

Спикер бұл жүйе мемлекеттік кірістер комитетінің жүйесінен ақпарат алатындығын қосты. 

"Шектеу шараларын енгізу кезінде көптеген жеке кәсіпкерлер бақылау-кассалық машиналарын тапсырып үлгерді. Егер олар мұны уақтылы жасамаса, аппараттарын тапсырудан бас  тартса, онда 5 шілдеден бұрын келтірілген мәліметтерге жүгіну керек", - деп қосты Айжан Қасенова.

Бұған дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге төлеуге кімнің құқығы бар екенін және оны қалай алуға болатындығын түсіндірген болатын.