Кейінгі тәулікте қанша адам короновирус пен пневмониядан қайтыс болды?

17 желтоқсан 2021, 11:01

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы ақпарат жарияланды. Кейінгі тәулікте короновипус пен пневмониядан 10 адам қайтыс болғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

17 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 20 002 адам коронавирус инфекциясынан (-17 392+ және 2 610 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 3 468 пациент стационарда, 16 534 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. 

 
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

• 281 адамның жағдайы ауыр,

• 81 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 63 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.