Кейінгі тәулікте коронавирустан қанша адам қайтыс болды?

18 ақпан 2022, 11:01

Қазақстанда коронавирустан бір тәулікте 15 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Қайтыс болғандар арасында 12 адамда коронавирус, 3 адамда СOVID-19 белгілері бар пневмония болған.

18 ақпандағы жағдай бойынша коронавирустан 39 556 адам (38 401 КВИ+ және 1 155 КВИ-) емделіп жатыр, оның ішінде 5 269  науқас стационарда, 34 287 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 289 науқастың жағдайы ауыр,
  • 121 науқастың жағдайы өте ауыр,
  • 92 науқас жасанды тыныс беру аппаратында жатыр.