Кейінгі тәулікте коронавирустан қанша адам қайтыс болды?

04 наурыз 2022, 09:17

Қазақстанда коронавирустан бір тәулікте 4 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Қайтыс болғандар арасында 3 адамда коронавирус, 1 адамда СOVID-19 белгілері бар пневмония болған.

4 наурыздағы жағдай бойынша коронавирустан 17 077 адам (15 960 КВИ+ және 1 117 КВИ-) емделіп жатыр, оның ішінде 1808 науқас стационарда, 15 269 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

133 науқастың жағдайы ауыр,
47 науқастың жағдайы өте ауыр,
37 науқас жасанды тыныс беру аппаратында жатыр.