Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Киіктерді атуға қатысты шешім 1 айдың ішінде қабылданады – БҚО әкімі

20 маусым 2022, 13:27

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев киіктерді атуға қатысты шешімнің 1 ай ішінде қабылданатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Соңғы уақытта бұл сұрақты тілшілер қауымы жиі қозғап жатыр. "Киіктерді ату, атпауды неге министрлік қана шешу керек?" деп жатқандар да бар. Меніңше, министрлік те, біз де жауапты болуымыз керек. 2023 жылға дейін елімізде киік атуға мораторий болғаны баршаңызға аян. Таяуда осы мәлесеге арналған жиын өтіп, онда мораторийдің өз мақсатына жеткені айтылды. Яғни киіктердің саны қауіпті көлемнен асты. Үкіметтің қаулысына сәйкес биыл 1 шілдеден бастап резерват ашылуы тиіс", – деді Ғали Есқалиев. 

Облыс басшысының айтуынша, киіктерді атуға қатысты шешім бір айдың көлемінде қабылданады.

"Әрине, алдымен киіктердің популяциясын жоғалтпауымыз керек. Резерваттың мақсаты – киіктердің санын арттыру емес, популяциясын сақтап қалу. Сарапшылардың пікірінше шамамен 150-200 мың бас киікті сақтап қалу керек. Одан бөлек, киіктердің санын біз реттеуіміз қажет. Киіктердің көбеюі ауыл шаруашылығына да зардабын тигізіп жатыр. Сондықтан бұл мәселе шешілуі тиіс. Киіктерді атуға қатысты шешім 1 айдың ішінде қабылданады", – дейді ол.