Ел жаңалықтары

«Қиын кезең артта қалды» - Алексей Цой

  • «Қиын кезең артта қалды» - Алексей Цой

    «Қиын кезең артта қалды» - Алексей Цой

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық ахуал жайлы айта келе қиын кезеңнің артта қалғанын мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қиын кезең артта қалды десек артық айтқанымыз емес. Ең алдымен еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға тоқталайын. Қиын кезең артта қалды деп айтсақ артық болмас. Қазіргі уақытта жағдай тұрақталып келеді. Қазақстанда жалпы наурыз айынан бері 92 262 адамнан індет анықталды. Оның ішінде 30 мыңға жуық адам емделуде. Өкінішке қарай, 1058 адам қайтыс болды. Бүгін де коронавирус жұқтырғандар саны едәуір азайып келеді. Мысалы бір тәулікте COVID-ке шалдығу деңгейі 1400 адамды құрап отыр. Ауруханаларда дәрі-дәрмек те жеткілікті», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, COVID-19 бен пневмонияға шалдыққан пациенттерге арналған елу екі мың төсек орын бар. «Әрине бұл нәтижелер мемлекет тарапынан қолданған іс шараларын қоғам дұрыс түсініп қабылдауының арқасы», - деді ол.

 

 




Көрілген: 299    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.08.2020, 11:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30