Ел жаңалықтары

"Қоғамдық көлік жолаушылары өміріне қауіп төндіреді": Қарағандыда автобус жүргізушісі жол апатына себеп болды

  • "Қоғамдық көлік жолаушылары өміріне қауіп төндіреді": Қарағандыда автобус жүргізушісі жол апатына себеп болды

Қарағандыда автобустың қатысуымен болған апаттан зардап шеккен жүргізуші қоғамдық көлік жолаушылары өміріне қауіп төндіретініне сенімді. 30 жолаушыны бұған құқығы жоқ адам тасымалдағаны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Қанат Досмұханов &ndash ұқыпты жүргізуші: сегіз жыл бойы апатқа ұшырамаған, ал қазір машинасы сынған, жөндеу жұмыстарына екі миллион теңгеге жуық қаражат керек. Бұған маршруттық автобус жүргізушісінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы кінәлі. Ол жаяу жүргіншілер өткелінде Қанаттың көлігін қағып кеткен. Соққының қатты болғаны соншалық, Қанаттың көлігі бірнеше метрге ұшып кетеді, ал ер адам есінен танып қалады.

 
"Екінші автопарк автобусының жүргізушісінде аталған автобусты жүргізу санаты жоқ екені анықталды. Бұл мен жүргізуші куәлігінсіз көлікті жайбарақат айдап жүре беремін деген сөз. Ол кезде, тіпті, ешқандай жүкқұжат болмады", - деді Қарағанды қаласының тұрғыны Қанат Досмұханов.

Қанат Досмұхановтың айтуынша, автобуста 30-ға жуық жолаушы болған. Олар жарақат алған. Полиция автобустың тежеу қашықтығы 19 метр екенін анықтады. Яғни, жүргізуші мұзды жолда және жаяу жүргіншілер өткелінің алдында сағатына шамамен 70 км жылдамдықпен жүрген. 

Автобус Қарағандының екінші автобус паркіне тиесілі, ол ондаған қалалық және қалааралық маршруттарға қызмет көрсетеді.

Автопарк басшылары түсініктеме беруден бас тартып, көлік инспекциясының тексерісі аяқталғаннан кейін жауап беретінін мәлімдеді. Сот апатқа автобус жүргізушісін кінәлі деп тауып, оған айыппұл салды.

Сондай-ақ, полицейлер D санатындағы жүргізушіні желіге жібергені үшін автопаркке қатысты хаттама толтырды, паркке 600 мың теңгеге жуық айыппұл салынады.

"Автобус парктері төтенше шараларға баруға мәжбүр, өйткені жүргізушілердің жетіспеушілігі байқалады. Автобус паркінің кінәсі - санаты жоқ жүргізушіге рұқсат бергені", - деді Қарағанды қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Темірлан Талдыбаев.

Қалалық маршруттарда жүргізушілердің жетіспейтіні туралы барлық автопарктерде бұрыннан айтылып келеді. Жалақы аз, жұмыс қиын.

Сақтандыру компаниясы Қанат Досмұхановқа сынған машинасы үшін залалды өтеген, бірақ ол бұл ақшаны жөндеуге жетпейді деп есептейді, сондықтан автопаркті сотқа бермек.




Көрілген: 267    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.01.2021, 11:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31