Ел жаңалықтары

Қоғамдық көліктерге тексеру жүргізіледі

  • Қоғамдық көліктерге тексеру жүргізіледі

    Қоғамдық көліктерге тексеру жүргізіледі

Семей қаласында тұрғындар шағымынан кейін қоғамдық көліктерге тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Семей қалалық ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, жақында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің Instagram парақшасында қолданушылар Семейдегі қоғамдық көліктердің мәселесін шешіп беруді сұрады.

Тұрғындар автобустардың жай-күйіне, ыңғайсыз бағыттарға және қоғамдық көліктердің жүру кестесіне шағымданған.

Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мәселелердің бар екенін жоққа шығармады. Қазірде қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылданған.

«Иә, шынымен де қоғамдық көліктің жұмысына қатысты сұрақтар бар, олар бақылауда және біртіндеп шешілуде. 9 және 24 маршруттардың қозғалысы тұрғындар наразылығын тудырған. Олар бойынша жұмыс кешенді түрде жүргізіледі. Біз жылжымалы құрам санын көбейтіп, рейдтер ұйымдастырып, айыппұл салуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар қарбалас уақытта автобустарды жетіспейтін бағыттарға қосамыз», - деді Серікқали Жұманов.

Талаптарды орындамаған тасымалдаушылар үшін келісімшартты бұзуға дейін қатаң шаралар қолданылады.

«Бүгінгі күні желіде 230-ға дейін автобус жұмыс істейді. Электронды билеттеудің арқасында біз нақты уақыт режимінде жолаушылар ағынын көреміз. Автобустардың саны күн сайын артып келеді. Қоғамдық көлік кестесіне қатысты шағымдар болды. Мұнда келісімшартқа сәйкес автобустар 21.30-ға дейін тасымалдайды», - дейді жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.

Сондай-ақ қала тұрғындары ескі бағыттарды қайтарып, жол ақысының өсуіне жол бермеуді сұраған. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміндегілер атап өткендей, бүгінде өтінімдерді және белгілі бір маршруттарды енгізу бойынша зерттеу жұмыстары және тасымалдаушылармен тарифтерді ұстап тұру бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Айта кету керек, Семей қаласы қоғамдық көліктерінде ең төменгі тарифтердің бірі сақталып отыр. Жол жүру құны қазіргі таңда 80 теңгені құрайды. Азаматтардың әлеуметтік жағынан осал санаттарының кейбірі ақысыз және жеңілдікпен жүруде.




Көрілген: 361    Пікірлер: 0

жұма, 25.09.2020, 08:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31