Ел жаңалықтары

Көгерген нан: тастаған жөн бе әлде кесіп жеген дұрыс па?

  • Көгерген нан: тастаған жөн бе әлде кесіп жеген дұрыс па?

    Көгерген нан: тастаған жөн бе әлде кесіп жеген дұрыс па?

Азық-түлік қауіпсіздігі саласының мамандары көгерген нанды тастау керек деп ұсынады.

«Нанның құрылымы жұмсақ болып келеді. Біз нанды кесіп жеуге кеңес бермейміз, өйткені зең  (субстрат мицелийі) тамырлары мұндай өнімдерге оңай енуі мүмкін», - дейді АҚШ ауыл шаруашылығының Министрлігінен Марианна Грейвли (Marianne Gravely).

 

Зең дегеніміз - бұл органикалық субстрат бетінде көрінетін споралары және ішінде микроскопиялық тамырлары бар саңырауқұлақтар. Тамырлары тереңге жайылады және көзге көрінбейді.

Егер сіз кесілген өнімді сатып алсаңыз, онда бірнеше бұзылған тілімдерді ғана тастай алмайсыз. Зең тамырлары қаптың ішінде толықтай таралуы мүмкін. Сонымен қатар, саңырауқұлақтар нанда өскенде қауіпті бактериялар да қоса таралуы әбден мүмкін.

Неліктен зең қауіпті?

Зеңнің кейбір түрлері зиянсыз және оларды жеуге болады. Ең көрнекті мысалдар - дорблю, бри немесе камамбер ірімшіктері. Бірақ нанда пайда болған зең денсаулыққа қауіпті. Ол аллергия және тыныс алу мүшелерінде қиындықтар тудыруы мүмкін.

Зең спораларын жұту тіпті қауіпті. Бұзылған нанды полиэтиленді қапшыққа орап, қақпағы бар қоқыс жәшігіне балалар немесе жануарлар жете алмайтын етіп тастау керек.

Басқа өнім түрлеріне зең түссе не істеу керек?

Егер зең жұмсақ жемістер, ет немесе тосапта пайда болса, онда оларды қолданбаған жөн. Бірақ қатты тағамдарды кесіп тұтынуға болады.

Қатты ірімшіктер, шұжықтар және сәбіз, бұрыш немесе қырыққабат сияқты көкөністердің құрылымы қатты болады. Бұл жағдайда зең тамырларының тамаққа енуі көп уақытты алады.

Бүлінген бөлікті көгерген жерден бірнеше сантиметр қашықтықта кесіп алыңыз.

Азық-түлікті қалай сақтау керек?

Грейвли азық-түліктерді сатып алмас бұрын тексеріп шығуға кеңес береді. Егер үйде сіз бірнеше бұзылған құлпынай тапсаңыз, онда құлпынайды толықтай тастаудың қажеті жоқ. Тек көгергендерін тастап, қалғанын сумен шаю жеткілікті.

Азық-түлікті тоңазытқышта сақтаған дұрыс, оны бірнеше айда тазалап тұру керек. Сонда тағам ұзақ уақыт бойы бүлінбей сақталады.

Сатып алынған өнімдердің жарамдылық мерзімін АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігінің арнайы қосымшасы арқылы бақылай аласыз.

"Зең споралары тез бейімделгіш келеді. Олар ылғалды және жылы ортаны жақсы көреді, бірақ кез-келген жерде өсе алады", - дейді Грейвли.

Қауіпті бактериялар мен споралар пайда болмас үшін аптасына бір рет азық-түлікті реттеуге тырысыңыз.

 
 

 




Көрілген: 345    Пікірлер: 0

жексенбі, 09.08.2020, 10:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30