Ел жаңалықтары

Көкшетауда қауіпсіздік талаптарын сақтамай жүрген «полицейлер» ұсталды

  • Көкшетауда қауіпсіздік талаптарын сақтамай жүрген «полицейлер» ұсталды

    Көкшетауда қауіпсіздік талаптарын сақтамай жүрген «полицейлер» ұсталды

Көкшетау қалалық ПБ кезекші бөліміне Әуезов көшесінің бойында тұратын тұрғын хабарласып, үй аумағында формадағы полиция қызметкерлері медициналық маскасыз және арнайы қолғапсыз жүргенін айтқан.

Көкшетау қаласында өздерін полиция қызметкері деп таныстырған екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, наурыздың 30-да Көкшетау қалалық ПБ кезекші бөліміне Әуезов көшесінің бойында тұратын тұрғын хабарласып, үй аумағында формадағы полиция қызметкерлері медициналық маскасыз және арнайы қолғапсыз жүргенін айтқан. Қала тұрғынына олардың жүрісі күдік тудырған.

«Аталған мекенжайға барған полиция қызметкерлері «әріптестерін» анықтау үшін облыс орталығындағы ПБ-ға жеткізді. Анықталғандай, 34 жастағы күдікті Зеренді ауданындағы ауылдардың бірінің тұрғыны болып шықты.

Ол ақпан айында таныстары арқылы «халық елшісімен» танысқан. Кейін ер адам оған полиция формасын беріп, оның қызметке тағайындалғаны туралы бұйрық шыққанын айтып сендірген.

Осы кезде 35 жастағы күдікті «пациентінің» өгей әкесімен сөйлесіп, қызметтік пәтер алып беруге уәде еткен. Ол құжаттарды тездетіп рәсімдеу үшін 400 мың теңге ақша сұраған. Оған сеніп қалған ер адам алаяқтың сұраған ақшасын қолына ұстата салған», - деп хабарлады Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, ер адам психиатриялық диспансерде есепте болған. Ал күдікті ер адам мен әйел полиция формасын киіп алып, түнде қала көшелерін аралаған.

 

 




Көрілген: 451    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.04.2020, 23:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31