Ел жаңалықтары

Көктемдегі ҰБТ 10 наурызда басталады

  • Көктемдегі ҰБТ 10 наурызда басталады

    Көктемдегі ҰБТ 10 наурызда басталады

Көктемдегі ҰБТ 10 наурызда басталып, 10 сәуірге дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоғары оқу орнының ақылы бөліміне түсуді жоспарлаған талапкерлер үшін ұйымдастырылатын наурыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу компьютер форматында өтеді. Егер бұған дейін көктем айындағы тестілеу тек 10 күнге созылса, биыл қатысушыларға 1 ай уақыт берілді. Наурыздағы ҰБТ-ға қатысу үшін app.testcenter.kz сілтемесі бойынша тіркелу қажет.

Пәндер саны әдеттегідей бесеу: үш міндетті және екі бейіндік пән бойынша тестілеу жүргізіледі. Тестілеуге жалпы 4 сағат (240 минут) беріледі. Максималды балл – 140.

«ЖОО-ның ақылы бөліміне оқуға түсуге ниет білдіргендер Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы тіркеле алады. Көктемдегі ҰБТ 10 наурызда басталып, 10 сәуірге дейін жалғасады. Тестілеу электрондық форматта «бір тестіленуші – бір компьютер – бір камера« қағидасы бойынша өтеді. Сондай-ақ прокторинг жүйесі қолданылады, бейнебақылау орнатылады. Тұлғаны цифрлық сәйкестендіру жүйесі – Face ID ҰБТ-ға қатыспақ болған бөтен адамдарды анықтауға мүмкіндік береді. Осының барлығы академиялық адалдық қағидаларының сақталуын бақылауды күшейтуге жағдай жасайды», – деді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев. ҰБТ өткізу кезінде санитарлық талаптар сақталатын болады.




Көрілген: 362    Пікірлер: 0

жұма, 05.03.2021, 22:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Сәуір, 00:29
    Алматыда сел жүрді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30