Ел жаңалықтары

Көктемгі әскерге шақыру науқаны қашан басталатыны белгілі болды

  • Көктемгі әскерге шақыру науқаны қашан басталатыны белгілі болды

    Көктемгі әскерге шақыру науқаны қашан басталатыны белгілі болды

Көктемгі әскерге шақыру науқанын өткізу туралы Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру  департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Көктемгі әскери қызметке шақыру 1 наурыздан басталып, 1 шілдеге дейін жалғасады. Қазақстанның Қарулы Күштерінің, басқа да әскері мен әскери құралымдарының қатарын әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негізі жоқ. Отан алдындағы борышын өтеуге 18-27 жас аралығындағы 13,5 мыңнан астам азаматтар шақырылады.

 
Белгіленген мерзімді өткерген мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді шақыру және жұмыстан босату қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұйымдастырылады және өткізіледі", - деді Сәкен Жүсіпов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Пандемия жағдайында халықпен тікелей байланысты төмендету, сондай-ақ, хабарландыру процесін автоматтандыру мақсатында биыл пилоттық режимде әскерге шақырылушыларға SMS-хабарламалар жіберу жоспарланып отыр. Хабарламаларды жіберуді цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "1414" қызметінің сервисі жүзеге асырады.

Көктемгі әскерге шақыру барысында әскерге шақырылушыларды ПТР-зерттеу екі рет - әскерге шақыру кезіндегі құрама пункттерде және әскери бөлімдерде жүргізілетін болады. Жаңадан шақырылған әскери қызметкерлерді вакцинациялау жеке құраммен бірге қызмет өткеру орындарында ұйымдастырылады, - деді ҚР ҚК Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы Департаментінің бастығы.




Көрілген: 408    Пікірлер: 0

жұма, 26.02.2021, 14:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Сәуір, 00:29
    Алматыда сел жүрді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30