Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Көлігіне жалған мемлекеттік тіркеу белгісін тағып жүрген жас жігіт ұсталды

03 тамыз 2022, 16:41

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алып, құқық бұзушылықты, жол ережесін бұзатын көлік жүргізушілерін анықтау мақсатында «Қауіпсіз жол» профилактикалық шарасын жүргізуде. Осындай рейд барысында, тәртіп сақшылары жалған нөмірлі көлікті анықтады. Нақтырақ айтсақ, «Газель» маркалы автокөлік жанармай құю бекетіне тоқтаған. Көліктің нөміріне күдіктенген полицейлер оның нөмірін тексерді. Нәтижесінде, жас жігіттің автокөлігіне жалған мемлекеттік тіркеу белгісін пайдаланып жүргені белгілі болды. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 386-бабы 1-бөлігі «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу қолдан жасалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу» бойынша тіркеуге алды.

Тексеру кезінде көлік жүргізушісі нөмірді тауып алып, қызығып таққанын айтты. Оқиғаның толық мән-жайын полиция қызметкерлері тексеруде. Қазіргі таңда жүргізуші жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерге кез келген құқық бұзушылыққа заң аясында жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі