Ел жаңалықтары

Көлік жуу орнында қос аяғынан айырылған павлодарлық әйелдің ісі: Кінәлі ер адамға үкім шықты

  • Көлік жуу орнында қос аяғынан айырылған павлодарлық әйелдің ісі: Кінәлі ер адамға үкім шықты

    Көлік жуу орнында қос аяғынан айырылған павлодарлық әйелдің ісі: Кінәлі ер адамға үкім шықты

Павлодардардағы көлік жуу орнында жұмысшы қызды қос аяғынан айырған ер адамға сот үкім шығарды. Ол 5 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды. Ер адамның ісі Павлодардың қылмыстық сотында қаралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 

Қылмыстық іс материалдары бойынша, оқиға былтырғы қазан айында қалалық көлік жуу орындарының бірінде болған. Жүргізуші куәлігінен айырылған 32 жастағы сотталушы мас күйде көлік тізгіндеп, көлік жуушы әйелді соғып кетті. Қайғылы жағдай ер адам клиенттің көлігін жууға апаруға тырысқан кезде болды. Салдарынан ауруханада әйелдің оң аяғын тізеден жоғары кесіп, сол аяғына операция жасады.

 
Сот отырысы барысында сотталушы сол күні клиент көлік жуатын орынға кіре алмағанын және көлік жуушы одан көлікті қоюды сұрағанын айтты. Ер адамның айтуынша, ол тежегіш пен газ педальдарын шатастырған. Кейіннен оның рульге отыруға құқығы жоқ екені анықталды. 2016 жылы ол мас күйінде көлік айдағаны үшін алты жылға жүргізуші куәлігінен айырылған.

Сотта ер адам өз кінәсін толық мойындады, өкініп, оған ең аз жазаны тағайындауды өтінді.

"Сотталушы "Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан мас күйдегі адамның көлік құралын басқаруы" бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 5 жыл 4 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Заң бойынша бұл осы бап бойынша жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде тағайындалуы мүмкін ең ұзақ мерзім", - деп түсіндірді Павлодар қылмыстық сотының судьясы Жанар Тұрлыбаева.

Сондай-ақ, сот ер адамды өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетсек, өткен жылдың 31 қазан күні Павлодардағы Бейбітшілік көшесінде орналасқан көлік жуу орталығының ғимаратында мас күйде болған орталық қызметкері көлікті алға жылжытпақ болып, орталықтың тағы бір қызметкерін – 31 жастағы әйелді қабырғаға жанжыған болатын. Салдарынан ол облыстық ауруханаға жеткізіліп, бір аяғы ампутацияланды.




Көрілген: 556    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.03.2021, 19:14

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30