Ел жаңалықтары

Көлік қозғалысы тәртібіне өзгеріс енгізіледі

  • Көлік қозғалысы тәртібіне өзгеріс енгізіледі

    Көлік қозғалысы тәртібіне өзгеріс енгізіледі

Бірнеше көше қиылысында солға бұрылуға тыйым салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар бағдаршамда қосымша секциялар пайда болады

Нұр-Сұлтанның бірнеше көшесінде көлік қозғалысы тәртібі өзгереді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды. 

"Қаланың 5 учаскесінде көліктің кері бұрылуына арналған алаңдар іске қосылады. Оның үшеуі Оңғарсынова көшесі бойынша, біреуі Назарбаев орталығы ауданында Бөкейхан көшесі бойында, тағы бірі №76 мектебі ауданында Керей-Жәнібек хандар көшесі бойында болады", - делінген хабарламада.
Мәңгілік Ел даңғылы – Ұлы дала даңғылы (Бөкейхан көшесінен қозғалыс кезінде), Тәуелсіздік даңғылы – Нәжімеденов көшесі (Қалдаяқов көшесінен), Түркістан көшесі – Керей Жәнібек хандар көшесі (Алматы көшесінен) қиылыстарында солға бұрылуға тыйым салу жоспарланып отыр.

"Сондай-ақ бағдаршамның қосымша секцияларын орнату бойынша жұмыстар белгіленген: Қорғалжын тас жолы бағытында оңға жылжу кезінде Айтматов көшесі – Мұхамедханов көшесінің қиылысы, Мәңгілік Ел даңғылының қиылысы – Бұқар Жырау көшесінің қиылысы солға Түркістан көшесіне қарай, Сарыарқа даңғылы-Сейфуллин көшесінің қиылысы қолданыстағы "+" жарық сигналы қосымша секцияға солға ауыстырылады", - деп хабарлады әкімдіктегілер.

Жоғарыда аталған жоспарланған іс-шаралар қыркүйек айының соңына дейін іске асырылатын болады.

Айта кетейік, аталған өзгерістерді Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі полиция департаментімен бірлесіп жолдардың өткізу қабілетін арттыру және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жоспарлап отыр.

Жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілері қырағы болып, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

sputnik.kz




Көрілген: 460    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.09.2021, 09:22

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:44
    QAZFORUM-2021 БАСТАЛАДЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31