"Көлік тұрағы үшін төлеу керек пе?": Алматы әкімдігі ақылы тұрақтарға қатысты пікір білдірді

13 мамыр 2022, 12:00

Алматы әкімдігі қаладағы ақылы автотұрақтардың жұмысы туралы түсіндірді. Сонымен қатар тұрақтар төңірегіндегі мәселенің қашан шешілетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Қала әкімдігі қазір мемлекеттік ақылы автотұрақтардың бірыңғай операторын құру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

"Автотұрақ аймақтарын ұйымдастыру, олардың санын ұлғайту мәселелері және баға саясаты мемлекеттік ақылы автотұрақтардың бірыңғай операторынын құру барысында пысықталады. Қазіргі уақытта қала меншігіне алу рәсімі жалғасып жатыр", – деді Алматы әкімдігінің басапсөз қызметіндегілер


Сондай-ақ "Алматы паркинг" компаниясы (Аparking, AlanParking) қалалық автотұрақтарды мемлекеттік бірыңғай оператор бақылауына алғанға дейін қадағалай бермек. 

Әкімдік мәліметіне сүйенсек, биыл 1 тамызға дейін жаңа бірыңғай оператор құрылмақ. Ал тұрақтарда ақы әрі қарай да алына береді. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда ақылы автотұрақтар қаланың коммуналдық меншігіне қайтарылатыны туралы хабарлаған едік.