Ел жаңалықтары

Көлікті мобильді қосымша арқылы тіркеуге болады

  • Көлікті мобильді қосымша арқылы тіркеуге болады

    Көлікті мобильді қосымша арқылы тіркеуге болады

Қазақстанда көлікті бұдан былай банктің мобильді қосымшасы арқылы тіркеуге болады.

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook-тағы парақшасында жазды.
Оның айтуынша, автокөлікті мобильді қосымша арқылы тіркеу көлік иелерін қағазбастылықтан арылтады. Олар уақытын үнемдейді.

«Мамандандырылған ХҚКО-да ұзынсонар кезектен қалай құтылуға болатынын ұзақ ойландым.  Жалғыз шешімі &ndash бұл қызметті онлайн форматқа ауыстыру керек екенін түсіндім. Мұны eGov-тан қарап, өзім көлікті онлайн режимде қайта тіркеп көрдім. Кеңесшінің көмегімен екі сағатта көлікті онлайн қызметті пайдалана отырып, қайта тіркеуге болатынына көзім жетті. Сондықтан ІІМ процесті толығымен қайта қарауды және осы қызметті Kaspi.kz, Homebank, Сбербанк және басқа да банктердің сервистеріне шығаруды ұсындым.

«ҰАТ» АҚ, ІІМ ӘПК төрт айға жуық қызметті толық жетілдіріп, Ішкі істер министрімен Кaspi.kz мобильді қосымша арқылы автокөлікті қайта тіркеу қызметін ресми түрде іске қостық.
Енді көлікті қайта рәсімдеу үшін мамандандырылған ХҚКО-ға барудың қажеттілігі жоқ. Кaspi.kz қосымшасындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінде автокөлікті рәсімдеуге болады», &ndash деді Бағдат Мусин.

Бағдат Мусин жобаны Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевпен талқылады.

Мобильді қосымшаның функцияларын жетілдіру, қызмет сапасын арттыру үшін кейбір ұсыныстар қайта қаралады.

aikyn.kz




Көрілген: 483    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.01.2021, 10:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31