Ел жаңалықтары

Көлікті тексерістен өткізбей құжат жазып берген: Жалған техникалық бақылаудан өткізетін орталықтардың қызметі тоқтатылды

  • Көлікті тексерістен өткізбей құжат жазып берген: Жалған техникалық бақылаудан өткізетін орталықтардың қызметі тоқтатылды

    Көлікті тексерістен өткізбей құжат жазып берген: Жалған техникалық бақылаудан өткізетін орталықтардың қызметі тоқтатылды

Көлік жүргізушілері техникалық бақылаудан өтпей-ақ тексеріс талонын қалай алып жүргенін анықтау үшін шенеуніктерге 7 жыл уақыт қажет болған. Полиция қызметі жүргізген 150 рейдтің нәтижесінде тек екеуіне қылмыстық іс, жиырма алтысына әкімшілік іс қозғалыпты. Жарты жыл ішінде 84 ғана жалған құжат анықталыпты. Сондықтан тексерістің ауқымын кеңейтіп, автоматтандырылған жүйесі жоқ қызметтерге шектеу қойылыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия 1-ші каналының жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.


Көліктің техникалық жарамдылығына кепіл беретін бір жапырақ қағазды қалда орналасқан қарапайым дүңгіршіктерден сатып ала салуға болады екен. Ол үшін көлікті тексертудің қажеті де жоқ екен. Ал техникалық бақылаудан өткен туралы талонға үйден шықпай-ақ қол жеткізуге болады екен, ол үшін ұялы телефон арқылы тапсырыс бере салсаңыз болғаны.


«Менің қолымдағы техникалық бақылаудан өткен туралы қағазды жасау үшін, автокөліктің техникалық төлқұжатын суретке түсіріп алды. Бірнеше сағаттан соң менің құжатым дайын болды», - дейді жеңіл көлік иесі Юлия Миронова.


Қазақстанда техникалық бақылаудан өткен туралы қағазды әрбір екінші көлікті бақылаудан өткізетін орталықтан, темір тұлпарды тексерістен өткізбей-ақ алуға болатын көрінеді. Сәйкесінше, бұл жерге келушілерден көлік нөмірін дәлелдеу талап етілмейді.


Осы мәселені түзету үшін шілде айында жаңа заңға қол қойылған болатын. Ол бойынша техникалық бақылаудың барлық шарттары, атап айтсақ, көлікті суретке түсіруден бастап, нөмірді тіркеуге дейінгі барлық сатылары тұтастай автоматтандырылған болуы міндетті екен. Еліміздегі бес ресми жеткізушілердің тек үшеуі ғана техникалық бақылау қызметін заң бойынша жаңартыпты.


«Қазіргі таңда 160 техникалық бақылаудан өткізетін орталық «Техникалық бақылау» атты жүйеден шығарылған. Ол 160 мекеменің арасында тұрғындардың ықыласына бөленгендер тағы бар», - деді ҚР-ның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің транспорт комитетінің төрағасы Данияр Қоспаев.


Техникалық бақылау орталығының басшыларының бірі Вера Белякова жартылай автоматтандырылған жүйені қолданса да, орталыққа келген көліктерді жіті тексерістен өткізген. Ал көлігін тексерістен өткізгісі келмей жай ғана қағаз жазып бере салуды сұрайтын жүргізушілерге ол қарсылықпен жауап беретін көрінеді. Себебі ол 30 жылдық тәжірибесі бар автокөлік иесі ретінде тексеріссіз құжат алдағы уақытта қандай мәселелерге әкеп соғуы мүмкін екендігін біледі.

«Мұндай құжат беру біз үшін жат дүние. Себебі ол көлік жүргізушінің өзіне де, басқаларына да өз зиянын тигізуі мүмкін», - дейді Вера Белякова.

Сөзінше, клиенттерден айырылып немесе өз орталығының жауып тастамас үшін ол дереу басқа мекемеден жаңа бағдарламалық қосымшаны сатып алған. Аталған мекеме бұл ұондырғына екі есе бағамен сатыпты. Бұл жағдай автокөлік жүргізушілеріне де, техикалық бақылау жүргізетін орталықтарға да біраз қиыншылықтар тудырған көрінеді.


Заңсыз құжат жазып берумен айналысатын орталықтарды анықтау рейд барысында ғана анықталады екен. Сондықтан билік өкілдері көлік жүргізушілеріне мұндай орталықтар жайында айтып отыруды ескеріп отыр. Мысалы, көлігінен не автобустан қара түтін шығарып келе жатқандығын байқасаңыз, ол жайында қала әкімдігінің қызметіне қоңырау шалсаңыз болады. Ал сіз айтқан нөмірдің иесі тексеріліп, көлігіен техникалық бақылаудан өткізуге міндетті болады.




Көрілген: 256    Пікірлер: 0

жексенбі, 10.11.2019, 18:00

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Желтоқсан, 12:07
    Қазақстанда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31