Көліктер батып қалған: Желіде Алматыда су басқан көшенің видеосы тарады

14 қазан 2019, 15:36

Желіде Алматыда жолды ыстық су басып, көліктердің батып қалғаны түсірілген видео тарады. Болжам бойынша, жылу жолы жарылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Instagram желісіндегі kris_p_forever парақшасында куәгерлердің оқиға орнында түсірген видеолары тарауда. Олардың сөзінше, Бекмаханов көшесінің Райымбек даңғылынан төмен тұсында құбыр жарылған.

Видео кадрларынан жолдың біраз бөлігін су басқаны, бу шығып жатқаны байқалады. Сондай-ақ бірнеше көлік толықтай дерлік суға батып қалған. Олардың тек төбесі көрінеді.