Ел жаңалықтары

Көңілдесіне берген 2 млн теңгені жасыру үшін полицияға арызданған әйел ұсталды

  • Көңілдесіне берген 2 млн теңгені жасыру үшін полицияға арызданған әйел ұсталды

    Көңілдесіне берген 2 млн теңгені жасыру үшін полицияға арызданған әйел ұсталды

Сайрам ауданында тұратын келіншек полицияға өзін тонап кетті деп жалған хабар берген. Ол көңілдесіне берген 2 млн теңгенің орнын күйеуінен жасыру үшін осындай қадамға барған.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жәбірленуші оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобының қызметкерлеріне тонау қылмысы қалай жасалғанын айтып берген. Оның сөзінше, бетіне бетперде киген белгісіз тұлға үйіне кіріп оны байлап тастаған. Сөйтіп пышақпен қорқытып, екі миллион теңге ақшасын алып кеткенін айтқан.

Алайда аталған қылмысты ашу мақсатында қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүрізген жедел уәкілдер оқиға орнынан тонаудың ешқандай нақты іздерін таппаған, Сосын бұл қылмыстың жасалғаны жалған деген болжам жасады. Жауап алу барысында жәбірленуші полицияға жалған ақпарат бергенін мойындаған.
«Тергеу барысында сайрамдық келіншектің күйеуінен жасырып, көңілдесіне жиі ақша беріп отырғаны анықталғаны. Нәтижесінде ол екі миллион теңге жұмсап қойып, ақшаның жетіспеушілігін жасыруға тырысқан. Содан кейін, сүйіктісі екеуі жоспар құрып, «тонап кетті» деп жалған ақпарат беруді шешкен. Осылайша, көңілдес жігіт жоспарды орындау үшін жәбірленуші әйелді байлап, көзінен ұрған. Ал, күйеуі үйге келгенде, әйел оған тонаушылардың шабуыл жасағанын айтып, полицияға арыз түсірген» делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК 419-бабы «Көрінеу жалған сөз жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 




Көрілген: 410    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.05.2020, 10:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 10:36
    Өскеменде жарылыс болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30