Ел жаңалықтары

"Қордай" бекеті уақытша жабылғалы жатыр

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Қазақ-қырғыз шекарасындағы "Қордай" автокөлік өткізу бекеті жөндеу жұмыстарына байланысты 20 ақпаннан бастап жабылады. Жаңғырту жұмыстары қашан аяқталатыны әзірге белгісіз, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

"20 ақпаннан бастап қазақстандық тараптан "Қордай", ал қырғызстандық тараптан "Ақ жол" өткізу бекеті жабылады. Ол жерде қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Жөндеу жұмыстары қанша уақытқа созылатыны әзірге белгісіз", - деді шекара қызметі баспасөз қызметінің басшысы Қанатбек Сұлтанов.
Екі елдің азаматтарына күн сайын таңғы 06.00-ден түнгі 00.00-ге дейін әрі-бері жаяу өтуге рұқсат етіледі. Олар тек қол жүгін алып өте алады.

 

Шекара қызметі көліктер мен шетелдіктерді өткізу үшін қазақ-қырғыз шекарасындағы басқа өткізу пунктерін пайдалануға кеңес берді.

 

Бұған дейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қазақ-қырғыз шекарасындағы "Қордай" өткізу бекеті 2020 жылы толығымен жаңғыртылатынын хабарлаған еді. Жөндеу жұмыстарынан кейін "Қордайда" ұзын-сонар кезек азайып, қазақстандықтар үшін шекарадан өту жеңілдей түспек.

 

"Қордай" автокөлік өткізу бекеті Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылдық округінің аумағында орналасқан.

 

Айта кетсек, қазір екі ел арасында 11 автокөлік өткізу пункті бар. Олардың бесеуі – көпжақты халықаралық, ал алтауы – екіжақты.

 




Көрілген: 214    Пікірлер: 0

жұма, 14.02.2020, 14:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29