Ел жаңалықтары

Қорғаныс министрі дабыл қақты: Қазақстанның сегіз мың әскері көтерілді

  • Қорғаныс министрі дабыл қақты: Қазақстанның сегіз мың әскері көтерілді

    Қорғаныс министрі дабыл қақты: Қазақстанның сегіз мың әскері көтерілді

"Айбалта – 2019" оқу-жаттығуы осы жылдың 3 мамырына дейін жалғасады. Қазақстан қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен Қарулы Күштердің құрамалары мен әскери бөлімдері "Айбалта – 2019" ірі ауқымды стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу аясында оқу дабылы бойынша көтерілді.




Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – әскери басқару органдарының үйлесімділігін жетілдіру, әскерлердің далалық машығын арттыру және әскерлердің басқаруда штабтар мен командирлердің тұрақты практикалық дағдыларын шыңдау болып табылады.

Оқу-жаттығудың маневріне шамамен 8000 әскери қызметші және 2000-нан аса бірлік қару-жарақ пен әскери техника, майдандық және армиялық авиация тартылды.


"Оқу-жаттығуға Құрлық әскрелері, Әуе қорғанысы күштері, Арнайы операциялар күштері, арнайы әскерлер мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімдері мен бөлімшелері тартылды", - деп жазылған қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада.


Әскерлердің теміржол көлігімен қозғалуы үш бағыт бойынша жүзеге асырылды. Оған 20-дан аса әскери эшелон тартылды. 8 лек құрамында автомобильді көлікпен 400-ден аса бірлік әскери техника марш жасады. Қозғалыстың ұзындығы 300-ден бастап 1000 шақырымнан асады.


"Айбалта – 2019" стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Алматы облысының "Көктал" оқу-жаттығу полигонында өткізіліп жатыр, осы жылдың 3 мамырына дейін жалғасады.

 




Көрілген: 594    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.04.2019, 16:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек, 12:15
    Алматыда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30