Қорғаныс министрлігі Арқалықта Ресей әскери техникалары жүр деген ақпаратқа пікір білдірді

02 сәуір 2022, 10:29

Қорғаныс министрлігі Арқалық қаласында ресейлік әскери техникалар жүр деген ақпаратқа байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі qamshy.kz-ке сілтеме жасап.

"Әлеуметтік желілерде таралған бейнежазбада іздестіру-құтқару командаларын қамтамасыз ету бөлімшесі легінің Байқоңырдан Ресей Федерациясындағы тұрақты орналасу пункттеріне кетуі көрсетілген. Бұл бөлімше Қазақстанға биылғы жылдың 14 наурызында Қостанай облысында қонған ғарышкерлер капсуласын іздестіру үшін келді. Бұдан бұрын Байқоңыр ғарыш айлағынан  "Союз МС-21" ғарыш кемесі ұшырылып, сондай-ақ  "Союз МС-19" кемесі  қонғаны хабарланған болатын" делінген ақпараттық хабарламада.

 

Бұған дейін "Басе" youtube арнасының авторы Айдос Садықов "Арқалықта Ресей әскері жүр, билік елімізді Ресейге сатқан, Тоқаев түсіндірсін, Байқоңырдан қайтып келе жатқан әскер деп ескі әуендерін айтпасын" деген мазмұнда видеоүндеу жолдаған.

 

<iframe width="500" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/7JRTZMOJt6c" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>