Қорғаныс министрлігінің Әскери колледжінде кадет жарақат алды

31 шілде 2022, 13:35

Қорғаныс министрлігінің Әскери колледжінде тәуліктік нарядтағы кадет жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 
«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға арнайы комиссия жіберілді. Қылмыстық іс жөніндегі кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.