Ел жаңалықтары

"Қорқады деп ойлаған": Алматыда жезөкшелерді тонаумен айналысқан екі адам ұсталды

  • "Қорқады деп ойлаған": Алматыда жезөкшелерді тонаумен айналысқан екі адам ұсталды

Олар өздерін клиент ретінде көрсетіп, мекенжайға келген соң әйелдерді соққыға жығып қорқытқан. Алматыда жезөкшелерге қысым көрсеткен екі ер адам ұсталды. Олар үй жағдайында сексуалды сипаттағы қызмет көрсететін әйелдерді тонаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлердің түсіндіруінше, 33 жастағы екі ер адам бұған дейін қарақшылық және тонау қылмысы үшін сотты болған. Ер адамдар клиент ретінде хабарландыруда көрсетілген телефонға хабарласып, әйелдер үйіне келген соң оларды тонаған.

"Күдіктілер қыз-келіншектерді соққыға жығып, оларды қорқытқан және ақша, телефон, бағалы бұйымдарды қолды еткен. Қаскүнемдер жәбірленушілерді полицияға шағымдануға қорқады деп ойласа керек", – деді Бостандық ауданы полиция басқармасының басшысы Думан Аухадиев.
Шабуыл жасады деп ұсталған күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша қазіргі кезде екі ер адам қатысқан бес қылмыстық эпизод анықталып отыр. Сондай-ақ олардың синтетикалық есірткі қолданатыны белгілі болды.

Полиция ұсталған азаматтардың қылмыстық әрекетінен зардап шеккендер болса, мына нөмірлерге хабарласуды сұрайды: 254-47-01; 254-47-02 және 254-47-03.

Айта кетейік, 2021 жылдың ақпанында Алматы полициясы караоке атын жамылып, интимдік қызмет көрсетіп келген нысанды анықтады. Бір қызығы, бұл жердің тұрақты клиенттері арнайы құпиясөздер қолданып келген.




Көрілген: 749    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.05.2021, 17:19

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30