Коронавирус: 89 науқастың жағдайы ауыр

14 наурыз 2022, 10:28

14 наурыздағы мәлімет бойынша, 10 716 адам коронавирус инфекциясынан (9 676 КВИ+ және 1 040 КВИ-) емделіп жатыр. 
 
Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналында жарияланды. 

Олардың ішінде:

  • 945 пациент стационарда;
  • 9 771 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 89 адамның жағдайы ауыр;
  • 26 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 18 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

BAQ.KZ