Ел жаңалықтары

Коронавирус: Елордада жедел желі іске қосылды

  • Коронавирус: Елордада жедел желі іске қосылды

    Коронавирус: Елордада жедел желі іске қосылды

Елордадағы COVID-19 туралы өзекті ақпаратты әкімдіктің ресми сайтынан білуге болады. Қалада тәулік бойы «қызу желі» жұмыс істейді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты

Уақытылы ақпараттандыру үшін елорда әкімдігінің сайты http://covid19.astana.kz/kz, парақшасын іске қосты. Онда тұрғындар коронавирус инфекциясы туралы ресми мәліметтерді таба алады. Парақшадан COVID-19 жағдайымен, дүкендер мен басқа да сауда нысандарының, оқу орындарының, көліктің, діни мекемелердің (мешіттер мен шіркеулердің), мәдени және спорт мекемелерінің режимі мен жұмыс жағдайлары туралы соңғы жаңалықтарды таба аласыз.

 Сонымен қатар парақшада COVID-19 бар-жоғына тестілеуден қайда өтуге болатыны, зертханалардың мекен-жайлары, оқшаулау режимінде өзін-өзі қалай ұстау керегі, дәрігерлердің бақылауымен үйде емделу, дәріханада дәрі-дәрмектердің бар-жоғы туралы ақпарат бар. 

Коронавирус бойынша «қызу желі» (тәулік бойы) – +7 (7172) 76-80-43; 1406; 109. Жедел жәрдем – 103.

Ерікті болу – +7 701 356-22-96; психологиялық қолдау қызметі – +7 (7172) 20-10-90, +7 771 996-09-27, +7 702 172-61-39; қан плазмасына донор болу – +7 771 377-91-10 (тіркеу), +7 702 091-18-60 (тіркеу), +7 (7172) 54-32-38 (сенім телефоны).

 Егер сіз жұмыссыз қалсаңыз +7 (7172) 57-88-88 – қоңырау шалыңыз – қажетті қызметтің нөмірін таңдаңыз – маманға хабарласыңыз. 

29 маусымдағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында 3,788 КВИ жағдайы тіркелді, емделіп шыққандар саны – 2721, ал өлім жағдайы – 61.

 

 




Көрілген: 160    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.06.2020, 18:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31