Ел жаңалықтары

Коронавирус: Карантин кезінде жұмыссыз қалған көпбалалы жалғызбасты ана көмек сұрайды

  • Коронавирус: Карантин кезінде жұмыссыз қалған көпбалалы жалғызбасты ана көмек сұрайды

    Коронавирус: Карантин кезінде жұмыссыз қалған көпбалалы жалғызбасты ана көмек сұрайды

Алматы қаласының тұрғыны коронавирусқа байланысты жарияланған карантинде жұмыссыз қалды. Осы уақытқа дейін жалғызбасты ана Car City сауда орталығында сауда жасап келген. Енді сауда орталығы жабылғанда, бір ай бойы балаларыма қалай тамақ тауып берем деп отыр көпбалалы ана, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

көпбалалы ана

«Мен жалғызбасты анамын. Алты балам бар. Қазіргі таңда жұмыссызбын. 18 шаршы метр жалдамалы үйде тұрамыз. Балаларым мектепке барады. Бірақ құжатымыз дұрыс болмай, балаларымыз сабаққа кеш барды. Көп мектептер алмады. Мектебіміз де алыстау. Балалар мектепке бару үшін екі қоғамдық көлікке отырады. Негізі өзім Car City сауда орталығында сауда жасайтын едім. Қолыма не түссе соны сататын едім. Бірақ қазір ол сауда орталығы да жабылды. Коронавирусқа байланысты бір айға карантин жарияланып отыр. Енді жұмыссыз үйде отырмыз. Баршаңыздан көмек беруіңізді сұраймын. Жақсылық ордасы еріктілер тобына рахметімді айтамын», – дейді көпбалалы ана Роза.

 

Соған байланысты бір айлық карантинде кәсіпкер Бақытбай Сабырбеков пен Алматыдағы «Жақсылық ордасы» еріктілер тобы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетуді қолға алған. Олар коронавирусқа байланысты жарияланған қала бойынша карантинде уақытша жұмыссыз қалған он отбасын бүгіннен бастап азық-түлікпен қамтамасыз етпекші. 

 

 




Көрілген: 171    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.03.2020, 15:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30