Ел жаңалықтары

«Коронавирус мұнайға деген сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдікті бұзды» - Тоқаев

  • «Коронавирус мұнайға деген сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдікті бұзды» - Тоқаев

    «Коронавирус мұнайға деген сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдікті бұзды» - Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс форматында «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында «Шеврон» компаниясының Қазақстанмен арадағы өзара іс-қимылдардың перспективасы, әлі жалғасып жатқан COVID-19 пандемиясы жағдайында көмірсутегі секторындағы бірқатар жобаны іске асыру мәселелері, сондай-ақ, әлемдік энергетика нарығының ахуалы талқыланды.

Мемлекет басшысы «Шеврон» компаниясымен ынтымақтастықты және оның Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

 «Шеврон» компаниясы Теңіз және Қарашығанақ мұнай-газ секторындағы ірі жобаларды іске асыруда сенімді серіктес ретінде еліміздің энергетика нарығында өте белсенді қызмет атқаруда. Өкінішке қарай, коронавирус пандемиясы мұнай және газ индустриясына кері әсері етіп, мұнайға деген сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдікті бұзды және оның бағасын төмендетті», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент 2022 жылға қарай Теңіз кен орнындағы өндіріс қуатын кеңейту жөніндегі жобаларды уақытылы іске қосу Қазақстан үшін маңызды екенін айтты. Мемлекет басшысы компанияның жобаны іске асыру қызметін құптап, бірқатар міндеттердің мерзімінен бұрын орындалып жатқанын атап өтті. 

Сонымен қатар коронавирус пандемиясына қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы коронавирус инфекциясын жаппай жұқтырудың алдын алу бойынша жоғары деңгейде үйлестірілген жұмысы және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандырғаны үшін «Теңізшевройл» компаниясына ризашылығын білдірді. Президент Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігіне жалпы құны 20 миллион АҚШ доллары болатын медициналық бұйымдарды, дәрі-дәрмектер мен қорғаныш құралдарын бергені, шетелдік дәрігерлер мен эпидемиологтардың елімізге келуін ұйымдастырғаны, сондай-ақ, Құлсары қаласында 200 орындық инфекциялық аурухана құрылысын қаржыландырғаны үшін Майкл Уиртке алғыс айтты.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Теңіздегі жобаларды іске асыруда қазақстандық үлесті қамтамасыз етудің маңызды екеніне назар аударды. Бұл ретте, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру барысында Жергілікті үлес қорын құру жағын қарастыруды ұсынды.

Мемлекет басшысы Қарашығанақ мұнай кен орнын игеру мәселелеріне тоқталып, аталған жобаны уақытылы іске асыруды қамтамасыз ету және жылына мұнай өндіру көлемін 10-11 миллион тонна мөлшерінде ұстап тұру қажеттігін атап өтті.

Майкл Уирт 2019 жылы Қасым-Жомарт Тоқаевпен Нұр-Сұлтан және Нью-Йорк қалаларында әңгімелескен сәттерін еске алып, кездесуге тағы да мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты.

 «Біздің көп жылғы әріптестігімізді жоғары бағалаймын. Қазақстан &ndash біз үшін ерекше ел және компаниямыздың жұмысындағы аса маңызды бағыт. Сондықтан біз Қазақстанның энергетика саласындағы, атап айтқанда, Теңіз және Қарашығанақ кен орындарындағы өзара іс-қимылдарды жалғастыруға ниеттіміз. Қазақстан &ndash мұнай-газ ресурстары бар керемет ел және біз түрлі жобаларды іске асыруда еліңіздің сенімді серіктесі болғанымызға қуаныштымыз», &ndash деді «Шеврон» компаниясының атқарушы директоры.




Көрілген: 433    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.10.2020, 21:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30