Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Коронавирус: Нұр-Сұлтанда тағы бір стационар жабылды

19 тамыз 2020, 01:54

Бүгін Нұр-Сұлтандағы № 1 көпсалалы қалалық ауруханасынан КВИ-мен ауырған соңғы науқас шығарылды. Инфекциялық стационарға әйел 4 тамызда түскен. Ауруханаға жатқызар алдында тексерістен өткен әйелден екіжақты вирустық пневмония анықталған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

«Ауруханадағы барлық медицина қызметкерлеріне ризамын. Жылы қарым-қатынас танытып, науқастар үшін үйдегідей жағдай жасады. Дәрігер тек дәрімен емес, жанымен де емдей алатынын сезіндім», – деп алғыс білдірді әйел.

Науқастың айтуынша, ол 28 шілдеде өзін жайсыз сезініп, үйде емделген. Кейін денсаулығы жақсармаған соң ауруханаға барған. Ол клиникалық көрсеткіштерге сәйкес дереу ауруханаға жатқызылды. Емдеудің толық курсы жүргізілді.

«№1 көпсалалы қалалық аурухана жұқпалы аурулар стационарына айналған сәттен бастап, 3,8 мыңнан астам коронавирус инфекциясы мен ауыр және орташа пневмониямен ауыратын науқас емделді. Олардың шамамен 3,5 мыңы сырқатынан айығып, үйлеріне оралды», – дейді аурухананың бас дәрігері Марат Әбдуов.

Аталған стационар жұмысына барлығы 367 дәрігер жұмылдырылды. 18 тамыздан бастап № 1 көпсалалы қалалық аурухана инфекциялық стационар ретінде өз қызметін тоқтатып, штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

18 тамыздағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтанда қаланың жеті стационарында 301 науқас КВИ ауруынан емделуде. Қала бойынша пневмониямен ауыратын науқастар саны 5 шілдеден бастап 1 333-тен 179 адамға дейін азайды.