Ел жаңалықтары

Коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар саны көбейді

  • Коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар саны көбейді

    Коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар саны көбейді

Өткен тәулікте 242 адамда пневмония диагнозы расталды, тамыздан бері пневмонияға шалдыққандар саны 30 579 адамға жетті

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан алты адам қайтыс болды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Төрт науқас коронавирус инфекциясынан, екеуі ковидтік пневмониядан көз жұмды.

Өткен тәулікте 242 адамда пневмония диагнозы расталды. 1 тамыздан бері пневмонияға шалдыққан пациенттер саны 30 579 адамға жетті, 337 науқас қайтыс болды.

Қазіргі уақытта 3 835 адам коронавирустан ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 40 бала бар. Стационарларда 1 967 науқас жатыр, 1 868 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Науқастардың арасында 100 адамның жағдайы ауыр. Соның ішінде 13 науқастың хәлі мүшкіл деп бағалануда. 15 пациент жасанды тыныс алдырту  аппаратына қосылған.




Көрілген: 346    Пікірлер: 0

жұма, 18.09.2020, 10:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30