Коронавирус пен пневмониядан тағы 53 қазақстандық қайтыс болды

19 қазан 2021, 10:05

Қазақстанда 52 225 адам коронавирус инфекциясынан (-45 706 + және 6 519 КВИ-) емделіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

19 қазандағы дерек бойынша, 52 225 адам коронавирус инфекциясынан (-45 706 + және 6 519 КВИ-) емделіп, оның ішінде 9 130 пациент стационарда, 43 095 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 627 адамның жағдайы ауыр,
  • 168 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 96 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.