Ел жаңалықтары

"Коронавирус шықты": Алматыда подъезд бен дүкеннің қоршалған сәтінен видео тарады

  • "Коронавирус шықты": Алматыда подъезд бен дүкеннің қоршалған сәтінен видео тарады

Әлеуметтік желіде Алматыдағы үйлердің біріндегі подъезд бен дүкеннің қоршауға алынған сәтінен видео тарады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадрлар

Фото: Видеодан кадрлар

Видео Instagram желісіндегі kris_p_online парақшасында пайда болды. Жазба авторының сөзінше, бұл жағдай Тұрғыт Озал 242 мекенжайында орын алған.

Кадр сыртындағы әйел адам коронавирус ошағы анықталған соң үй подъезі мен дүкені қоршауға алынғанын хабарлайды. Келіншек енді жергілікті тұрғындарға дәрігерлер келіп, дене қызуын тексеруі мүмкін екенін айтады.

Айта кетейік, ресми ақпаратқа сәйкес, Бостандық ауданындағы Тұрғыт Озал 242 мекенжайы коронавирус жұқтырудың ошағы болып табылады. Бұл-аудандағы жалғыз ошақ. Қалада Наурызбай ауданынан басқа аудандарда 20 ошақ тіркелді.

27 наруыздағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 120-ға жетті.

Күні кеше коронавирустан айыққан екі қазақстандық ауруханадан шықты. Сондай-ақ, 26 наурызда елімізде COVID-19 инфекциясынан болған алғашқы адам өлімі тіркелді.

 
 

Айта кетейік, дүние жүзінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 526,6 мыңнан асқан.

Онлайн режимде әлемдегі коронавирус жағдайын бақылауға мүмкіндік беретін worldometers.info сайты ақпаратына сәйкес, АҚШ инфекция жұқтырғандар саны бойынша Қытайды басып озып, бірінші орынға шықты.

 

 




Көрілген: 393    Пікірлер: 0

жұма, 27.03.2020, 09:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31