Ел жаңалықтары

Коронавирус: Шымкент жабылады

  • © Pixabay

    © Pixabay

Шымкент қаласында 31 наурызда сағат 21:00-ден бастап қосымша шектеу шаралары енгізіледі, деп хабарлайды kaz.zakon.kz.

 

Қазақстанда 300-ден астам адам қауіпті дертті жұқтырды.

 

"Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Короновирустың тез таралуы тұрғындардың денсаулығына қатер төндіруде. Бүкіл әлемде вирус жұқтырғандар саны 700 мыңнан асты. Індеттен қаза тапқандар саны әлемде 34 мың адамға жақындады. Шымкент қаласында 2 адам тіркеліп, бір елдімекен карантинге жабылды.

 

Республиканың өзге аймақтарына Шымкент арқылы өтетін транзитті жолаушылар көп. Олардың саны тәулігіне шамамен 200 мың адам. бұл жағдай індеттің таралу қаупін арттырып отыр. Сол себепті Шымкент қаласында 31 наурыз күні сағат 21.00-ден бастап қосымша шектеу шаралары енгізіледі.

 

Біріншіден, қалаға кіретін барлық жолдар жабылады.

 

Автокөліктердің қалаға кіруі мен шығуына тыйым салынады.

 

Тек транзитті жүк көліктері мен тіршілікті қамтамасыз ететін арнайы автокөліктерге рұқсат беріледі.

 

Екіншіден, адамдар жақын қарым-қатынаста болған кезде вирустың тез таралатыны дәлелденген. Сол себептен қала аумағында бетперделік режим енгізуге мәжбүр болып отырмыз. Барлық азаматтар медициналық бетперде киюге міндетті", деді қала әкімі Мұрат Әйтенов.

 




Көрілген: 453    Пікірлер: 0

сейсенбі, 31.03.2020, 00:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31