Ел жаңалықтары

Коронавирусқа қарсы вакцинаның бағасы қанша тұратыны айтылды

  • Коронавирусқа қарсы вакцинаның бағасы қанша тұратыны айтылды

    Коронавирусқа қарсы вакцинаның бағасы қанша тұратыны айтылды

Moderna компаниясы жасап шыққан коронавирусқа қарсы вакцинаның бағасы алдағы уақытта төмендеуі мүмкін деп болжануда

Америкалық Moderna биотехнологиялық компаниясы коронавирусқа қарсы вакцинаның бағасын 50-60 доллар шамасында белгілеуді жоспарлап отыр. Бұл туралы РИА Новости Financial Times басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Moderna компаниясы вакцинаның мұндай бағасын АҚШ пен "табысы жоғары" елдер үшін белгілейтінін атап өткен.

Сондай-ақ, басылым алдағы уақытта бұл бағаның төмендеуі мүмкін деп жазады. Өйткені, өткен аптада Pfizer және BioNTech компаниясы өздері жасап жатқан вакцинаны 19,5 доллардан 600 миллионға жуық дозасын сатуға АҚШ билігімен келісім жасады.

Бұған дейін америкалық Moderna компаниясы COVID-19 вакцинасын клиникалық зерттеудің үшінші кезеңін бастағанын хабарлаған. Вакцинаны дамыту жобасын АҚШ федералды үкіметі 500 миллион долларға жуық қаражатпен қолдады және ол адамдарға кең ауқымда сынақтан өткізілетін алғашқы препараттың бірі ретінде таңдалды.

Сонымен қатар, жуырда ғана Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адамдар COVID-19 вакцинасын 2021 жылдың бастапқы айларында ала бастайды деп мәлімдеді.

Ал 21 шілдеде Ресей қорғаныс министрлігі коронавирусқа қарсы вакцинаның клиникалық сынақтары аяқталғанын жария етті. Сондай-ақ, Сеченов университетіндегі дәрі-дәрмектерді клиникалық зерттеу орталығының жетекшісі Елена Смолярчук те осындай мәлімдеме жасаған. Ол университетте вакцинаны сынақтан өткізген кезде еріктілердің бәрінде коронавирусқа қарсы иммунитет дамығанын айтты.




Көрілген: 418    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.07.2020, 12:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30